Рецензиялау саясаты

Жалпы ережелер

«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Хабаршысы», «Халықаралық қатынастар және аймақтану» сериясына түскен барлық ғылыми мақалалар міндетті қосарлы соқыр рецензиялау рәсімінен өтеді.

Рецензенттерге қойылатын талаптар

Рецензиялауға келісім:

- Рецензент өз мамандығына сәйкес тақырыптар бойынша қолжазбаларды сараптауға келісім береді.

- Рецензиялауды уақытылы орындауға міндеттенеді.

Құпиялылық:

- Сараптама барысында алынған ақпараттың құпиялылығын сақтайды.

Объективтілік пен бағалау сапасы:

- Қолжазбаға объективті, сапасын арттыруға бағытталған құрылымды баға береді.

- Рецензиялау барысында алынған ақпаратты өз мүддесіне немесе үшінші тұлғалардың мүддесіне пайдаланбайды.

- Кемсітетін немесе беделін түсіретін пікірлерге жол бермейді.

Мүдделер қақтығысы:

- Мүмкін болатын мүдделер қақтығысын хабарлап, тәуелсіз шешім қабылдау мүмкін болмаған жағдайда редакцияға жүгінеді.

Рецензиялау тәртібі

  1. Алдын ала тексеріс

- Ғылыми мақала «Strikeplagiarism.com» жүйесі арқылы автоматты түрде тексеруден өтеді.

- Содан кейін жауапты редактор мақаланы рецензияға жібереді.

  1. Рецензенттерді іріктеу

- Жауапты хатшы автор аты-жөнін көрсетпей, тиісті бейіндегі мамандарды іріктейді.

- Рецензент мақала тақырыбы бойынша танылған маман болуы тиіс.

- Рецензент жұмыстың қосалқы авторы немесе ғылыми жетекшісі бола алмайды. Мүдделер қақтығысы болған жағдайда рецензиядан бас тартуға құқылы.

  1. Рецензиялау рәсімі

- Рецензент мақалаға 10 жұмыс күні ішінде баға беруі тиіс.

- Келісімін берген жағдайда және қақтығыстар болмаған кезде рецензия редакцияға жолданады.

- Егер қақтығыс анықталса — 2 күн ішінде негізделген бас тарту ұсынылады.

  1. Рецензия нәтижелерін өңдеу

- Егер түзетулер қажет болса, редакция авторға рецензия мәтінін жолдайды. Автор ұсыныстарды орындауы немесе дәлелді түрде қабылдамауы тиіс.

- Мақаланы түзету мерзімі — 14 күннен аспауы керек.

- Түзетілген мақала сол рецензентке қайта жіберіледі.

  1. Келесі әрекеттер

- Автор түзетуден бас тартқан жағдайда редакцияға хабарлайды.

- Егер бір ай ішінде түзетілген нұсқа қайтарылмаса, мақала қараудан алынып, тіркеу тоқтатылады.

  1. Қосымша рецензиялау

Шешілмейтін қайшылықтар болған жағдайда редакциялық алқа мақаланы қосымша рецензиялауға жібере алады.

  1. Жариялау туралы шешім қабылдау рәсімі

Позитивті рецензия мақаланың жариялануын кепілдемейді — түпкілікті шешімді редакциялық алқа қабылдайды.

Даулы жағдайда шешімді бас редактор қабылдайды.

Жариялаудан бас тарту туралы шешім алқа отырысында қабылданып, авторға хабарлама жіберіледі.

Жарияланудан бас тартылған мақала қайта қаралмайды.

Авторларға арналған ақпарат

  • Мақала мақұлданған жағдайда, редакция авторды жарияланым және мерзімдері туралы хабардар етеді.
  • Жарияланудан бас тарту туралы хабарлама электрондық пошта арқылы жіберіледі.
  • Авторларға рецензия мәтінімен (рецензент туралы ақпаратсыз) танысу мүмкіндігі беріледі.

Рецензия құрылымы

Рецензия мыналарды қамтиды:

  • Мақала атауы
  • Журнал тақырыбына сәйкестігі
  • Тақырыптың өзектілігі (түпнұсқалығы)
  • Жаңалығы, ғылыми-практикалық маңызы
  • Мазмұнның тақырыпқа сәйкестігі
  • Зерттеу әдістерінің сәйкестігі
  • Қорытындылар мен нәтижелердің құндылығы
  • Тұжырымдардың стилі (грамматика, анықтығы)
  • Техникалық деңгейі (иллюстрациясы)
  • Пайдаланылған әдебиеттердің негізділігі
  • Қорытынды

Қорытынды ретінде рецензент ұсынуы мүмкін:

  • Мақала осы күйінде жариялауға ұсынылады;
  • Мақала түзетуден кейін жариялауға ұсынылады;
  • Мақала журналда жариялануға ұсынылмайды.