Авторларға қойылатын талаптар

1. Материалдарды жіберуге қойылатын жалпы талаптар

- Жіберу платформасы: Материалдарды жариялау Open Journal System (OJS) жүйесі арқылы жүзеге асырылады, ол онлайн-жіберуді және рецензиялауды қамтамасыз етеді.

- Тіркеу және авторизация: «Мақаланы қабылдау және жариялау үрдісі» бөлімінде тіркелу немесе жүйеге кіру мүмкіндігі бар: https://bulletin-irr.ablaikhan.kz/index.php/j1/priem-stati

- Мақаланы жіберу: Мақала тек электронды түрде журнал сайтының (OJS) функционалы арқылы жүктеліп ұсынылады.

2. Мақаланы дайындау және сүйемелдеу

- Сүйемелдеу хаты: Автор жариялау үшін сүйемелдеу хатын (ЖҮКТЕУ) ұсынуы қажет.

- Авторларды көрсету: Мақалада хат-хабар жүргізуші автордың аты-жөні жұлдызшамен (*) белгіленеді.

- Жүйеде растау: OJS жүйесіндегі сүйемелдеу хатында мақала/қолжазба бұрын жарияланбағанын және мәтінде тиісті сілтемелерсіз алынған дәйексөздер жоқтығын растау қажет.

3. Тексерулер және талаптарға сәйкестік

Плагиат:

- Жариялау com жүйесі арқылы антиплагиат тексерісінен өткеннен кейін ғана жүргізіледі. Қойылған талаптар: КП1 – 30%, КП2 – 5%, дәйексөздер – 10%-дан аспауы тиіс.

- Шекті мәндерден асып кеткен жағдайда мақала қайта өңдеуге жіберіледі немесе (КП1 – 60%, КП2– 40% болғанда) мүлде қабылданбайды.

- Егер қайта өңделген мақала белгіленген ұқсастық коэффициенттеріне сәйкес келмесе, редакция мақала жариялаудан бас тартуға құқылы.

- Автор антиплагиат тексерісінің нәтижелерімен танысуға құқылы.

- Мәтінді бұрмалауға бағытталған әрекеттерге жол берілмейді: жасырын мәтін, белгілерді алмастыру, қате құрылым, әліпбимен манипуляциялар, әріптерді ауыстыру, интервалдармен және бос орындармен жасалған жасырын мәтіндер.

Жарияланымнан бас тарту себептері:

    - Жұмыста плагиат болып саналмайтын дәйексөздер бар, бірақ олардың көлемі шамадан тыс көп. Бұл автордың дербестігі мен мақаланың ғылыми құндылығына күмән тудырады. Автор мақаланы қайта өңдеп, дәйексөздер санын қысқартуы тиіс.

    - Жұмыста әдейі жасалған бұрмалаулар немесе плагиат анықталған. Мысалы: басқа адамның мәтінін басқа тілге аударып, өз еңбегі ретінде ұсыну. Мұндай мақалалар жарияланбайды.

Ғылыми этика:

- Этикалық нормаларды бұзуға жол берілмейді: плагиат, деректерді бұрмалау, қате дәйексөздер, басқа еңбектерді дұрыс түсіндірмеу, қате сілтемелер, жасанды интеллект технологияларын тиісті сілтемесіз пайдалану және т.б. Жариялымның этикасы

- Басқа еңбекті басқа тілге аударып, өз зерттеу нәтижесі ретінде ұсынуға тыйым салынады.

4. Мазмұнға және авторлық құрамға қойылатын талаптар

Тақырып пен түпнұсқалық:

    - Мақала журналдың мақсаты мен тақырыбына сәйкес болуы тиіс.

    - Автордың жеке қорытындылары мен нәтижелерін немесе осы тақырып бойынша бұрынғы еңбектерге жүйелі шолу қамтуы қажет.

Көлем және авторлық:

    - Бір шығарылымда бір автордан тек бір ғана мақала жарияланады (жеке немесе қосалқы авторлықпен).

    - Бір мақалада авторлардың саны 4 адамнан аспауы тиіс.

    - Бір автордың бір жұмысты екі рет қатарынан жариялауына жол берілмейді.

Жауапкершілік:

    - Мақала мазмұнына авторлар жауапты.

    - Редакция журналдың этикалық принциптеріне сүйене отырып, мақаланы жариялаудан бас тартуға құқылы.

5. Рецензиялау және жариялау рәсімі

  • Редакция рецензияға дейін автоматты түрде плагиатқа тексеріс жүргізеді.
  • Сәйкестік расталған жағдайда мақала рецензияға жіберіледі.
  • Рецензия қорытындысы бойынша редакция мақаланы қайта өңдеуді талап ете алады.
  • Қайта өңделген мақала тағы да тексеруден өтеді.
  • Қажет болған жағдайда, мақала плагиат шектеріне немесе этикалық талаптарға сәйкес келмесе, қабылданбайды.